Кәмелетке толмағандардың жыныстық құқықтарын қорғау

23.11.2020

20 қарашада «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқанының аясында Петропавл қаласының ПБ ювеналды полициясының учаскелік инспекторы, лейтенант М.Баранбаевпен

1-2 курс студенттерінің «Кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығы» тақырыбында онлайн-кездесуі өтті.

Инспектор студенттермен Қазақстан Республикасының қылмыстық

заңнамасы, атап айтқанда 120, 121, 122 баптары бойынша түсіндірме -профилактикалық әңгіме өткізді. Ондай құқық бұзушылыққа барған адамдар ювеналды полиция учаскесінде есепке алынып, кейіннен олар мемлекеттік лауазымдарды атқара алмайды, ҚР Қарулы Күштерінде қызмет ете алмайды, өйткені олар қылмыстық жауапкершілікке тартылған деп саналады.

Ол кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік туралы ескертті.

Ол жұмыс тәжірибесінен мысалдар келтіріп, нақты кеңестер берді.

Бұл іс-шараның жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру үшін маңызы зор болды.



Текст
Виртуальная приемная